Мемлекеттік органдарға "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 449/НҚ бұйрығы

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдарға "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Салаларды цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Қ. Төлеушин

  Қазақстан Республикасының
  Цифрлық даму, инновациялар
  және аэроғарыш өнеркәсібі
  министрінің міндетін атқарушы
  бұйрығымен бекітілген
  2024 жылғы 29 шiлдедегi
№ 449/НҚ

Мемлекеттік органдарға "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесі

      1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсыну жөніндегі қызметтер:

      1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын ұйымдастыру қызметі;

      2) бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша ақпараттық-коммуникациялық қызметті әкімшілендіру;

      3) байланыс қызметтері (мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (МО БКО) арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылым базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру, интернетке қол жеткізу, IP-телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру);

      4) бейнеконференцбайланыс сеанстарын өткізуді ұйымдастыру қызметі;

      5) виртуалды машинаны (Хостинг) бөліп беру қызметі;

      6) виртуалды дата-орталық – vDC;

      7) дерек өңдеу орталығы (ДӨО) Data-center as a Service, DCaaS, co-location;

      8) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервтеу бойынша ақпараттық-коммуникациялық қызметті іске асыру үшін аумақтық қашықтықтағы объектіде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      9) ақпараттық жүйелерін резервтік көшіру бөлігінде резервтеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметі;

      10) онлайн көрсетілімді өткізуді ұйымдастыру қызметі;

      11) резервті көшіру және сақтау үшін виртуалды кеңістікті бөліп беру қызметі;

      2. Ақпараттық-коммуникациялық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер:

      1) бет-әлпеті негізіндегі биометриялық сәйкестендіру;

      2) бұлтты құжат айналымы;

      3) Е-өтініш;

      4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы;

      5) мемлекеттік органдардың электрондық пошталық сервисі;

      6) мобильді жұмыс орны;

      7) сервистер витринасы;

      8) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады