Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ережесінің 15-бабы 332-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Мәдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Бұйрықпен бекітілген |
Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуге арналған әуе электр желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған шекті тарифтері
1. Байланыс құралдарын орналастыру орындарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуге арналған әуе электр беру желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде келесі есптер қолданылады:
Байланыс құралдарын орналастыру үшін мүлікті жалдауға (жалға алуға) жылжымайтын мүлікке шекті тарифтерді реттеу үшін:
1) ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орналастыруға:
республикалық маңызы бар қалаларда – бір ұялы байланыс операторына айына 15 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
облыстық маңызы бар қалаларда – бір ұялы байланыс операторына айына 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде – бір ұялы байланыс операторына айына 5 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
2) белсенді жабдықты (қол жетімді коммутаторларын) орналастыру үшін:
республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – бір байланыс операторына 1 шаршы метр үшін айына 1 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде – бір байланыс операторына 1 шаршы метр үшін айына 0,5 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
3) абонентке дейін талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу технологиясын пайдаланатын байланыс операторлары үшін - өтеусіз негізінде.
4) Талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуге арналған әуе электр желілерінің тіректеріне шекті тарифтерін есептеу кезінде (бұдан әрі-тіректер):
республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда бір тірекке айына 0,05 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде бір тірекке айына 0,02 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
елді мекендерден тыс жерлерде бір тірекке айына 0,02 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
2. Шекті тарифтерді қайта қарауға өтініш Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 608/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35154 болып тіркелген) бекітілген Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидаларында көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.