Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарыш, жасанды интеллект және инновацияларды дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және телекоммуникациялар комитеттері осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 784/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 169/НҚ бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) ақпараттық қауіпсіздік саласын дамыту мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық даму институтымен өзара іс-қимыл жасайды;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды қорғауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей дайындау;";

      мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-1) дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      19-2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жіберу;

      19-3) ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22-1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін әзірлеу;

      22-2) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін әзірлеу;";

      25) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік үй-жайдағы немесе деректерді өңдеу орталығындағы электрондық базада меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтау қағидаларын әзірлеу;";

      41) тармақша алынып тасталсын;

      43) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 50-1), 50-2), 50-3), 50-4), 50-5), 50-6) және 50-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50-1) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      50-2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      50-3) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      50-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      50-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      50-6) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;

      50-7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "59-1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне одан әрі енгізу үшін ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстарды, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын дайындау;

      мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "68-1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "71-1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;".

      2. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шiлдедегi № 177/НҚ бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ғарыш қызметі саласындағы және "Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа да қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын әзірлеу;".

      3. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Бюджет қаражаты есебінен салынған телекоммуникация желілері мен кәбілдік кәрізге түгендеу жүргізу, сондай-ақ оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "14-1) байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3) және 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын әзірлеу;

      16-2) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;

      16-3) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;

      16-4) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;";

      17) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлігін немесе сәйкестендіру картасын (ID card) көрсету арқылы кіру;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-1) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу қағидалары мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "63-1) цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 64-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "64-1) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2) және 68-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "68-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;

      68-2) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;

      68-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "80-1) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін әзірлеу;";

      87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісуі, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "101-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің өздерінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 110-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "110-1) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 111-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "111-1) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 115-1), 115-2), 115-3), 115-4), 115-5), 115-6) және 115-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "115-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;

      115-2) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      115-3) деректерді өңдеу орталықтарының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;

      115-4) деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;

      115-5) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларын әзірлеу;

      115-6) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін әзірлеу;

      115-7) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуі тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;".

      4. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5), 8-6), 8-7), 8-8), 8-9) және 8-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) монополияға қарсы органмен келісу бойынша "электрондық үкiметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген іздестіру жұмыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен және оның ішінде жеделдетілген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-4) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-6) монополияға қарсы органмен және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-7) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-8) монополияға қарсы органмен және бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      8-9) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін айқындауды қамтамасыз ету;

      8-10) мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеуді қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) "111" байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;

      10-2) "111" байланыс орталығының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      10-3) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлеу;

      10-4) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды орындау бойынша жұмысты үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және рұқсат беру не уәжді бас тарту рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8) және 32-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-3) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын әзірлеу;

      32-4) қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу қағидаларын әзірлеу;

      32-5) үлгілік әріптестік келісімді әзірлеу;

      32-6) әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      32-7) әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді жүргізу;

      32-8) әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді жүзеге асыру;

      32-9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;".

      5. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 278/НҚ бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;

      13-2) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін әзірлеу;

      13-3) инновациялық қызмет сыныптамасын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      26-2) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;";

      42) тармақша алынып тасталсын;

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4) және 52-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "52-1) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін әзірлеу;

      52-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін әзірлеу;

      52-3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      52-4) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын әзірлеу;

      52-5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;";

      мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "55-1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;";

      мынадай мазмұндағы 61-1), 61-2), 61-3), 61-4) және 61-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "61-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      61-2) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      61-3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;

      61-4) ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін басқару, жүргізу, қолдап отыру, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      61-5) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "73-1) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады