"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 386-НҚ бұйрығына қосымша |
Цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі
№ | Облыстың атауы | Ауданның атауы | Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Абай | Абай | Айнабұлақ ауылы |
2 | Абай | Абай | Медеу ауылы |
3 | Абай | Абай | Орда ауылы |
4 | Абай | Аягөз | Емелтау ауылы |
5 | Абай | Аягөз | Жорға ауылы |
6 | Абай | Жаңасемей | Ақбұлақ ауылы |
7 | Абай | Жаңасемей | Қараөлең ауылы |
8 | Абай | Жаңасемей | Таңат ауылы |
9 | Абай | Жарма | Қарасу ауылы |
10 | Ақмола | Біржан сал | Арай ауылы |
11 | Ақмола | Біржан сал | Белағаш ауылы |
12 | Ақмола | Бурабай | Мезгілсор ауылы |
13 | Ақмола | Сандықтау | Белгородское ауылы |
14 | Ақмола | Сандықтау | Hоводобринка ауылы |
15 | Ақмола | Сандықтау | Преображенка ауылы |
16 | Ақмола | Сандықтау | Раздольное ауылы |
17 | Батыс Қазақстан | Бәйтерек | Сұлу көл ауылы |
18 | Батыс Қазақстан | Қаратөбе | Ақтай ауылы |
19 | Батыс Қазақстан | Шыңғырлау | Белогорка ауылы |
20 | Қызылорда | Арал | Жіңішкекұм ауылы |
21 | Қызылорда | Арал | Қосаман ауылы |
22 | Қызылорда | Арал | Сазды ауылы |
23 | Қызылорда | Қазалы | Шәкен ауылы |
24 | Шығыс Қазақстан | Алтай | Дородница ауылы |
25 | Шығыс Қазақстан | Күршім | Шағанатты ауылы |