Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 59/02 "Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 19/01 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №59/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2461 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Қарағанды қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдау тарифі 100 теңге болып белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Қарағанды қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қала маңындағы автомобильдік тасымалдау тарифі 100 теңге болып белгіленсін."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімінің м.а. К.Камзин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды қалалық

      Мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады