Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 59/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда № 2461 болып тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдау тарифі 100 теңге болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 19.04.2024 № 19/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қарағанды қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қала маңындағы автомобильдік тасымалдау тарифі 100 теңге болып белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 19.04.2024 № 19/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы "Қалалық және қала маңы бағыттарында жолаушыларды және жүктерді тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" № 56/03 қаулысы жойылсын.

      4. "Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Қ.Б. Бегімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды қаласының әкімі

М. Смағұлов

Келісілді:


Қарағанды қалалық


мәслихатының хатшысы

Қ. Оспанов


      2013 жылдың 13 желтоқсаны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады