Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласы Ақтау кентінің әкімінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 11 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Ақтау кенті әкімінің аппараты ШЕШІМ қабылдады:

      1. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Қарағанды облысы Теміртау қаласы, Ақтау кентінің жерлерінде магистральдық байланыс кабелін ұстау және қызмет көрсету үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 1,0429 га жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуге, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын (келісім бойынша);

      2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті;

      3) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуі;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкімнің орынбасары Азамат Нұрболтұлы Кайрбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А. Есмурзаев

  "Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ
2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 11
шешіміне қосымша

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер учаскелерін беру орны бойынша жер пайдаланушылардың жер атауы және санаты

Кадастрлық нөмір

Жария сервитутты белгілеу көлемі, га

1.

елді мекендердің жерлері

(09-140-114-)

0,0410

2.

елді мекендердің жерлері

(09-140-114-)

0,0460

3.

елді мекендердің жерлері

(09-140-110-)

0,4277

4.

елді мекендердің жерлері

(09-140-110-)

0,4430

5.

Рахимова Нурия Аширбековна

(09-140-114-176)

0,0020

6.

Гредякин Александр Валерьевич

(09-140-114-015)

0,0010

7.

Гредякин Александр Валерьевич

(09-140-114-015)

0,0010

8.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-268)

0,0030

9.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-692)

0,0001

10.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-692)

0,0001

11.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-688)

0,0040

12.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-688)

0,0090

13.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-552)

0,0040

14.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-552)

0,0040

15.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММ

(09-140-114-260)

0,0040

16.

"amc technologies" ЖШС

(09-140-114-238)

0,0030

17.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ

(09-140-114-220)

0,0230

18.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ

(09-140-114-240)

0,0040

19.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ

(09-140-114-117)

0,0020

20.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ

(09-140-114-117)

0,0210

Барлығы

1,0429


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады