Шахтинск қаласында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 16/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйке Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Саран-Шахтинск автомобиль жолын салу уақытына құрылыс алаңын орнату үшін Шахтинск қаласының аумағында орналасқан ауданы 1,0580 га және ауданы 0,5805 га, жер учаскелеріне өтеусіз қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мақшай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Мажитовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады