"Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 18/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №29/14 қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Ю. Циолковскаяға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

  Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 25 сәуірдегі
№ 18/04 қаулысына қосымша

      "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №29/14 қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесінде 14-тармақта 11) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады