"Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы"

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 қазандағы № 368/14 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңы 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық мәслихаттың
2024 ж. "09" қазандағы
№ 368/14 шешіміне
қосымша

Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары

1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32894 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және кенттер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - кенттің, шағын ауданның, көшенің, көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және қызмет ететін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 бөлім. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу кенттің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың тұрғындарға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы кенттің әкімімен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа тәсілдер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалар, сондай-ақ үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғаларға қатысуға рұқсат етілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кенттің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кенттің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шахтинск қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылармен ұсынылады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауысқа ие.

      11. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысымен тіркеу үшін тиісті кент әкімінің аппаратына беріледі.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін орны мен мерзімі;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, қатысушылардың саны мен тізімі;

      4) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, баяндамалар және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады