"Ақтоғай ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 15/02 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақтоғай ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Кенжебеков

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 04 сәуірдегі
№ 15/02 қаулысымен бекітілген

"Ақтоғай ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ақтоғай ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Ақтоғай Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "АҚТОҒАЙ-СУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 100200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 4.

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) жергілікті деңгейде автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) аудандағы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

      3) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және ауданның көліктік және инженерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін пайдалануды ұйымдастыру;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      5) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;

      7) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - мемлекеттік мекеменің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, аудандық басқармалардан, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;

      - мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген функцияларға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру және өз құзіреті шегінде жекелеген сұрақтарды шешу мақсатында меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға материалдарды дайындауды тапсыруға, басқа басқармалар мен ұйымдар басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тарту жөнінде ұсыныстармен шығуға;

      - аудан әкіміне, әкімдігіне және аудандық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;

      - облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты сәйкес ведомстваларға ұсыныстар енгізуге;

      2) міндеттері:

      - өз құзыреті шегінде басқару органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жүзеге асыру үшін әдістемелік нұсқаулар мен түсіндірмелер жасау;

      - белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізу;

      - мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша сотта талапкер, жауапкер және үшінші жақ болу;

      - аудан әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;

      - Ақтоғай ауданы әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын мүлтіксіз орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.

      15. Функциялары:

      1) ауданның энергетикалық кешенінің, коммуналдық шаруашылығының, сумен жабдықтау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар әзірлейді;

      2) меншік нысанына қарамастан коммуналдық кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      3) жылу беру көздерінің, жылу, су, кәріз құбырлары мен электр желілерінің, жолаушыларды тасымалдау кешендерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және аудан тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қанағаттандыруға бағытталған жұмыс кешенін үйлестіреді;

      4) тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарының қысқы маусымға дайындауға қажетті жұмыс көлемін, қаржыландыру көздерін анықтау, инвестиция тарту, бюджеттік несиелендіру іс-шараларын үйлестіреді;

      5) өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылым нысандарын пайдалану және аудан тұтынушыларын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жасайды;

      6) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен және тағы басқа да кәсіпорындар мен ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесе әрекет ете отырып аудан және елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын үйлестіреді;

      7) энергияны үнемдеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу, энергия үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізеді;

      8) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарында) жылу, энергия, газ және су ресурстарын жалпы үйге есепке алу құралдарының болуын бақылауды жүзеге асырады;

      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды;

      10) аудан аумағындағы тасымалдауды жүзеге асыратын және меншік формасына қатысты емес жолаушыларды тасымалдау кәсіпорыны жұмысын, шартта қарастырылған функцияларды орындау, тарифтерді сақтаумен жүкті және жолаушылар тасымалдау ережесін орындауды мониторингісін жүзеге асырады;

      11) жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ұйымдастырып өткізеді;

      12) жергілікті деңгейдегі инженерлік желілердің және жолдардың құрылысы, жөндеу және күтімі бойынша жұмыстар ұйымдастырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен, қала құраушы және басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп аудан аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

      14) жергілікті деңгейде автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      15) ауданды жылумен, энергиямен, сумен жабдықтау бойынша жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыру;

      16) ауданды электрмен, жылумен, сумен және канализациямен қамтамасыз ететін жылыту маусымының сапалы өтуін ұйымдастыру;

      17) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады;

      18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіліктері:

      1) мемлекеттік мекеменің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) мемлекеттiк мекеменiң Ережесi мен құрылымын, сондай-ақ оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi аудан әкiмдiгiнiң бекiтуiне ұсынады;

      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, қабылдау, есепке алу және есепке алу жағдайымен жұмысты ұйымдастырады;

      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      7) келісім-шарттар жасайды;

      8) сенімхаттар береді;

      9) мемлекеттiк мекеменiң iссапарларды, тағылымдамадан өтуiн, қызметкерлердiң қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқуын және персоналды дамытудың өзге де түрлерiн жүргiзу тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

      10) банк шоттарын ашады;

      11) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      12) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      13) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауаптылықта болады;

      17) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік мемлекеттік тіркеуге жариялау мен қолдану бойынша жауаптылықта болады;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Ақтоғай Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "АҚТОҒАЙ-СУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады