Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "SARYARQA MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 168,5 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 10 сәуіріне дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушысы | А.Аманжолов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 07 маусымдағы № 26/01 қаулысына қосымша |
"SARYARQA MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | Ақтоғай ауданының жер қоры | 168,5 |