Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндет атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Бұқар жырау ауданы Ботакара кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Нурлан Болатович Есентаев тағайындалсын және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданының әкімі А.Султангали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады