"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұқар жырау ауданының әкімі | А.Султангали |
Бұқар жырау ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы №2 шешіміне қосымша |
Бұқар жырау ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 2 шешімі "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5694 тіркелген);
2) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 3-р шешімі "Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27660 тіркелген);
3) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 3 шешімі "Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы";
4) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 4 шешімі "Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы".