Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 3-р шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27660 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 11.03.2024 № 2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бұқар жырау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданы әкімі С. Аймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады