Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 13.09.2024 № 5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 22 мамырдағы №15-4-1/263 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі, Ақжол ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі К.Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады