"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №15-4-1/445 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі, Ақжол ауылының аумағында белгіленген бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы №3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі | К.Тусупов |