2024 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 91 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2024 жылғы "05" маусымдағы
№ 91 қаулысына 1-қосымша

2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен

Тәрбиеленушілер
саны *

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Жарты күн болатын топта, жалпы білім беретін мектептегі мектепалды даярлық сыныбында

9 сағаттық
болу режимі бар топта

10,5 сағаттық болу режимі бар топта

түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық болу режимі бар топта

туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық болу режимі бар топта

ауыл

31 717

32 245

67 607

73 958

113 207

137 309

қала

28272

29 471

62 060

67 717

102 806

124 307

      Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2024 жылғы "05" маусымдағы
№ 91 қаулысына 2-қосымша

2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекен атауы

Тәрбиеленушілер саны *

Бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері
3 жасқа дейін
(теңге)

Бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері
3 жастан бастап (теңге)

Қызылорда


-

-

қала

24350

13500

14500

ауыл

1600

13500

14500

Арал ауданы


-

-

қала

2572

10000

10000

ауыл

2559

10000

10000

Қазалы ауданы


-

-

қала

305

12500

13000

ауыл

3976

12500

13000

Қармақшы ауданы


-

-

қала

1045

10000

12000

ауыл

3948

10000

12000

Жалағаш ауданы


-

-

ауыл

3247

9000

9000

Сырдария ауданы


-

-

ауыл

2306

8000

9000

Шиелі ауданы


-

-

ауыл

7033

12000

12000

Жаңақорған ауданы


-


ауыл

7048

8000

10000

      Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады