Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б.Турахметов |
Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы "22" шілдедегі № 270 шешіміне қосымша |
Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жинау және тасымалдау | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 109,35 |
Сұрыптау | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Көму | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 37,39 |
Жалпы тариф | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 146,74 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | - |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2473,12 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
м3 – текше метр.