Көшелерге және тұйық көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Айтеке би кент әкімінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 102 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Әйтеке би кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясы 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізде, Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би кентіндегі көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Жанқожа батыр 3 шақырымдағы №2 атауы жоқ көшесіне "Шағырай Мырзакелдіұлы" көшесі;

      5 кварталдағы атауы жоқ көшесіне "Сейіл Боранбаев" көшесі;

      5 кварталдағы №1 атауы жоқ көшесіне "Әбдраман Елубаев" көшесі;

      2 кварталдағы №2 атауы жоқ көшесіне "Әбубәкір Теміров" көшесі;

      Жанқожа батыр 3 шақырымындағы атауы жоқ көшесіне "Елшекен Қуанышбаев" көшесі;

      2 кварталдағы №1 атауы жоқ көшесіне "Берден Баекеев" көшесі;

      2 кварталдағы атауы жоқ көшесіне "Құлмұрат Қуатов" көшесі;

      2. Әйтеке би кентінің келесі тұйық көшелері:

      Бегім ана тұйық көшесінен Әбдраш Құдайбергенов тұйық көшесіне;

      Әбілқайыр хан тұйық көшесінен Бекет Бердібаев тұйық көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би кентінің әкімі М.Әбсұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады