Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 100 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1 қосымшасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы "18" маусымдағы
  № 100 қаулысына қосымша
  1- қосымша
  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  1- қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы

Ауыл

22808

68256

126316

103985

Қала

25641

60561

110288

91163

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы "18" маусымдағы
  № 100 қаулысына қосымша
  2- қосымша
  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  2- қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекеннің атауы

Тәрбиеленушілер саны

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)

Ақтау қаласы

20205

754,60

847,04

Жаңаөзен қаласы

8527

663,3

806,5

Бейнеу ауданы

2766

652,17

767,06

Қарақия ауданы

2031

714,61

926,2

Маңғыстау ауданы

2245

693,85

850,89

Мұнайлы ауданы

9958

697

845

Түпқараған ауданы

2717

722,78

847,78


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады