Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 "Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп - баптау және қорғаудың қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 15/158 шешімі

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

      1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

      2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

      3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

      4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

      5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

      6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

      ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

      ағаш діңін ақтау;

      бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

      шөп шабу, арамшөптерді жою;

      жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

      бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

      ағаш тәжін тәждеу;

      ағаштардың тәжін қалыптастыру;

      қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

      апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

      тыңайтқыштарды қолдану;

      жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

      қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады