Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ереже туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі №18/188 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2024 жылғы 30 қыркүйектегі | |
№ 15/ 162 шешіміне қосымша | |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2002 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 18/188 шешімімен бекітілген |
"Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1- тарау. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Констуциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президент мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасының өкімдерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітеді.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағынаудан №1 ғимарат, 2-блог.
10 Мемлкеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат Мангистауского областного маслихата".
11. Осы Ереже "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының, қызметін қамтамасыз ету;
15. Міндеттері:
1) облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық қызметін қамтамасыз ету;
2) облыстық мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;
5) облыстық мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) облыстық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық қызметінтерін көрсету;
2) облыстық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, облыстық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;
3) облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іс-сапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
4) облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, облыстық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
5) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау, облыстық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамаларды дайындау;
6) облыстық мәслихаттың веб-сайтында облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттардың қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
7) облыстық мәслихат аппараты қызметкерлері мен мәслихат депутаттарының біліктілігін жоғарлатуын және қайта дариялауын қамтамасыз ету;
8) мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
9) соттарда және сот сатыларында, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарда, мемлекеттік мекемелерде, меншіктің кез келген нысанындағы кәсіпорындарда облыстық мәслихат аппаратының мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру және қорғау;
10) қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобалары, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптама кеңестерінің қорытындылары, облыстық мәслихат шешімдерінің енгізілген жобалары бойынша қажетті келісулер және өткізілетін сессиялардың және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша өзге де құжаттамалар сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін облыстық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға тарту, тиісті шешімдер әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) депутаттардың сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдау;
3) облыс мәслихатына жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижесін бақылауды жүзеге асыру;
4) облыстық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету
5) облыстық мәслихат сессияларын және тұрақты комиссиялардың отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету;
6) петициялармен жұмысты мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру;
7) петицияларды қарау кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қарау мерзімдері мен талаптарын сақтау;
8) қажет болған жағдайда азаматтарға өтініштерді электронды/қағаз түрінде беру жөнінде консультациялық көмек көрсету.
3 тарау. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру
18. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мәслихат төрағасы жүзеге асырады "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
19. Облыстық мәслихаттың төрағасын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. Облыстық мәслихат төрағасының орынбасары болмайды.
21. Облыстық мәслихат төрағасының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілген мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессиясына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
12) мәслихат шешімдері бойынша өзге де міндеттерді орындайды;
13) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
14) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
15) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
16) шарттар жасайды;
17) сенімхаттар береді;
Мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссия төрағаларының бірі уақытша жүзеге асырады.
22. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын, аппарат басшысы мәслихат аппаратына басшылық етеді.
4 тарау. Мәслихат аппаратының мүлкi
23. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайдларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Мәслихат аппаратына берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
26 "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.