Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3568 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін.
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
3 – тармақтың 12) – тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Қ. Назарханов |