"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Бейнеу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданы бойынша ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Р. Шалбаев |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 6 қарашадағы | |
№ 288 қаулысына қосымша |
Бейнеу ауданы бойынша ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі
№ | Маршрут атауы | Ересектерге (тенге) | Балаларға, (тенге) |
1 |
Бейнеу – Боранқұл | 700 | 350 |
2 |
Бейнеу – Сарға | 250 | 125 |
3 |
Бейнеу – Есет | 500 | 250 |
4 |
Бейнеу – Ақжігіт | 500 | 250 |
5 |
Бейнеу – Тәжен | 600 | 300 |
6 |
Бейнеу – Сыңғырлау | 250 | 125 |
7 |
Бейнеу – Төлеп | 500 | 250 |