Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 277 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарақия ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 150 қаулысы. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 20.08.2024 № 171 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 20.08.2024 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 277 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарақия ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3503 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулысында:

      қаулы атауы жаңа редацияда жазылсын:

      "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарақия ауданы бойынша жайылым айналымдарының ұсынылған схемасын бекіту туралы";

      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылған схемасы бекітілсін.";

      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Төретаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады