Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 277 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 3503 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық 20.08.2024 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 9 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы бекітілсін.

      Ескерту. Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық әкімдігінің 20.08.2024 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қарақия аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық әкімдігінің 03.07.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Беков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы

      және ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шынбергенов Ахмет Тургалиевич

      _____________________

      25 желтоқсан 2017 жыл.

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы "25" желтоқсандағы
  № 277 қаулысына қосымша

Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп – қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 20.08.2024 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады