Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылы жерінен жалпы көлемі 42,0 гектар жер учаскесі "Маңғыстау облысының жолушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "МАЭК су алғышынан Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау (ІІ кезек). Түзету" үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С.Есенкелдіұлы |
Шешімге қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га |
I | Құрық ауылының жері | 42,0 |
1 | К.Есенгельдина (131970011959) | 18,0 |
Барлығы: | 60,0 |