Жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50- бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, 2024 жылғы 25 желтоқсандағы Түпқараған ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы әуежайының ауданында "Эмбрайр190" (AHY8243 Баку-Грозный) ұшағының апатты құлауына байланысты, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Д.Жантуаров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Күмісқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады