Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 13 "Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 тамыздағы № 129 қаулысы

      Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №13 "Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы";

      қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2.Түпқараған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 шілдедегі №117 "Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №13 "Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары С.Ильджановқа жүктелсін.

      4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі Р.Елтизаров

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 14 тамыздағы
  №129 қаулысына қосымша
  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2018 жылғы 18 қаңтардағы
  №13 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады