Мұнайлы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 19/109 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Д. Шамшадинов

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2024 жылдың 9 тамыздағы
  №19/109 шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

290

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

290

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 текше метр (м3)

1537,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады