Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 "Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 110 шешімі

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;";

      3-тармақ 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;";

      31 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді үнемі жууды, дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, шыбындар мен кеміргіштерге қарсы дератизациялауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.";

      31-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.";

      32 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "32. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.";

      36-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.";

      37-1 тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы М. Жутаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады