Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 189 шешімі

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23595 болып тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-тармақтарымен толықтырылсын:

      "21. "Адамның С1-эстераза ингибиторы" препараты, комплимент жүйесінде басым ақауымен бастапқы иммунитет тапшылығы ауруы бар азаматтарға.

      22. "Селексипаг" препараты, идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.

      23. "Рилузол" препараты, амиотрофиялық бүйірлік склероз, прогрессивті жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы бар азаматтарға.

      24. "Кладрибин" препараты, жайылған склероз ауруы бар азаматтарға.

      25. "Омализумаб" препараты, ересектерде бронх демікпесі ауруы бар азаматтарға.

      26. "Гидрокортизон" препараты, бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға.

      27. "Канакинумаб" препараты, криопиринмен байланысты мерзімді синдромдары бар азаматтарға (CAPS).

      28. "Паливизумаб" препараты, бронхопульмональды дисплазиясы ауруы бар балаларға.

      29. "Мацитентан" препараты, идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.

      30. "Апалутамид" препараты, онкологиямен ауыратын азаматтарға.

      31. "Селуметиниб" препараты, I типті нейрофиброматоз ауруы бар азаматтарға.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады