Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 275 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы" 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады