"Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 164-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 1117 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 30 қаңтардағы
  № 40 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әскери міндет пен әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасының орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы бар: "Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге және Басқарманың регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2024 № 275 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Басқарманың мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде облыс әкімі мен әкімдігінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс саласындағы іс-шараларды іске асыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      облыс әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      құзыреті шегінде сұратулар жіберу және облыс әкімі мен әкімдігінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды алу;

      облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретінің мәселелері бойынша қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, өзін-өзі басқару қоғамдық органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) халықты және ұйымдарды азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабардар ету;

      2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру;

      3) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері туындаған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсетуді үйлестіру;

      4) бекітілген бюджеттік тағайындауларға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      5) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық жасау;

      6) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемін айқындау мен жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

      7) құлақтандыру мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыруға басшылық жасау;

      8) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      9) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту алдында қарау;

      10) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруді ұйымдастыру;

      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      12) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысу;

      13) Басқармада әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

      15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, техниканы жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға жеткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында олардың қарамағындағы облыстық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтаждары үшін беру;

      16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдар құру және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделерінде міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы экономикасы мен халқының тыныс-тіршілігінің үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін олардың қызметін қамтамасыз ету;

      17) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарын бекіту, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығын өткізу мақсатында ұйымдармен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      19) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;

      20) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      21) мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      22) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін қарастыру;

      24) жұмылдыру жарияланған кезде іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      25) облыстың Аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, оны орындау және нақтылау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      26) соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетуге және қорғауға жататын коммуналдық меншік кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесін бекіту;

      27) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрықтары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкес нормативтік құжаттарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсету;

      28) соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасына әскери қатерлер үдейе түскен кезінде Қостанай облысы әкімдігінің іс-қимылдар жоспарын әзірлеуге қатысу;

      29) азаматтарды әскери есепке алуды және әскери қызметке дайындауды, оларды әскери қызметке шақыруды, әскери жиындарды және жұмылдыру бойынша әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      30) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының қорғаныс мүддесінде аумақты жедел жабдықтау іс-шараларын орындау және қорғаныс мақсатында коммуникацияларды дайындауды қамтамасыз ету;

      31) аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      32) облыстың әкімшілік аумағында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм көріністерінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын дайындау;

      33) облыс аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға ықпал ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторингті, бағалауды және болжауды жүзеге асыру;

      34) терроризмнің алдын алу, оның салдарын азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      35) терроризмнің алдын алу, оның салдарын барынша азайту және (немесе) жою саласында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтауды және жоюды ұйымдастыру;

      36) терроризмнің алдын алу, оның салдарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдарды қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын дайындау;

      37) қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін үйлестіру, терроризмнің алдын алу, оның салдарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      38) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін талдау және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау;

      39) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

      40) облыстың әкімшілік аумағында террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу, бекіту, енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      41) Дағдарыстық жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдар жоспарына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша орталық атқарушы органдардың жергілікті және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      42) ішкі істер органдарымен бірлесіп дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде Өңірлік жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету;

      43) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды, құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, Басқармада мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі қажетті іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      44) құпия және жұмылдыру ісін жүргізуді ұйымдастыру және Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықта көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      45) жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды дамыту;

      46) Басқарма қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасау;

      47) Қостанай облысы бойынша жетекшілік ететін салаларда жиынтық ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастыру және өзектілігін қамтамасыз ету;

      48) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Басқарма қызметкерлерінің құрылымын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басқарманың бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы жекеленген мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады