Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 292 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақтың 37) және 38) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "37) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      38) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар береді, өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды;".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады