Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 900 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 217, № 218, № 219, № 220, № 221, № 222, № 223, № 224, № 228, № 227, № 229 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 5 маусымдағы
  № 900 қаулысына
  қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 35 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0011 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      2) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 170 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0034 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      3) Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2/2 А мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0067 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      4) Қостанай қаласы, Рабочая көшесі, 182 А мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0025 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      5) Қостанай қаласы, Дощанов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0154 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      6) Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0383 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      7) Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 А мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0027 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      8) Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0095 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      9) Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 174 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0020 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      10) Қостанай қаласы, Челябинская көшесі, 11 б мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0933 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін;

      11) Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 169 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0023 гектар, В2В сегментіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оған қызмет көрсету үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады