"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қаратомар су қоймасы ауданында орналасқан "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүзу стансасы учаскесінде объектілік ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Рудный қаласы әкімінің орынбасары Т.С. Сақтағанов тағайындалсын және төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің Рудный қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |