Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 584 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу Әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының қол қойылған күнінен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша филиалы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде көшірмесін жолдауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуді;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

  Рудный
  қаласы әкідігінің
  2024 жылғы 3 шілдедегі
  № 584 қаулысына
  қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

Орналасқан жері

Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын

1

Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 46 үй

213

2

Рудный қаласы, Восточная көшесі, 20 үй

106

3

Рудный қаласы, Восточная көшесі, 22 үй

110


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады