Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рудный жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, Свердлов көшесі, 60 а тұрғын үй ауданы (Топорков көшесі ауданы қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1342 га;
Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,4950 га;
Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,5580 га;
Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі ("Рудный жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының алдында) мекенжайы бойынша бөлшектелген құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,3024 га;
Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі (№ 6 көлікжай қоғамы қасындағы "Мебель-Парк" сауда үйі ауданы) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1225 га;
Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі ("Рудный жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының артында) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 1,0062 га;
Рудный қаласы мекенжайы бойынша жылу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында көлемі 2,6846 га;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |