"Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 459 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 105-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының "Мемлекттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілсін.

      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Арқалық қаласының әкімі Ә. Асанов

  Арқалық қаласы әкімдігінің
  2024 жылғы 25 қарашадағы
  № 459 қаулысымен
  бекітілген

"Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) үйде және күндізгі болу бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер талаптарын айқындау және бағалау үшін құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Арқалық қаласы әкімдігі Орталықтың ұйымдастырушысы болып табылады.

      3. Орталықтың мүлікке қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.

      4. Арқалық қаласы әкімдігі "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеге (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) Орталықтың басқару жөніндегі бірқатар функцияларды іске асыратын орган болуға рұқсат береді.

      5. Орталықтың толық атауы - "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Орталықтың орналасқан жері: 110300 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62.

2. Орталықтың заңды мәртебесі

      7. Орталық заңды тұлға құқығына ие болып, мемлекеттік тіркелу сәттен бастап құрылған болып саналады.

      8. Орталықтың дербес балансы, заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, бланкілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және Орталықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы белгіленген мөрі бар.

      9. Орталық басқа заңды тұлғаны құрай алмайды, сондай – ақ оның ұйымдастырушысы (қатысушысы) бола алмайды.

      10. Орталық өзінің билігіндегі ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, тиісті бюджет қаражатымен Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бірлігі субсидарлық жауапкерші болады.

      11. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе басқа тіркеуіне сәйкес Орталықтың азаматтық – құқықтық мәмілелері тіркелген сәттен бастап жасалған болып табылады.

      Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспар шегінде басталады.

      Орталықтың тиісті қаржы жылына арналған бекітілген қаржыландыру жоспарынан артық міндетемелерін қабылдауға жол берілмейді.

3. Орталықтың қызметінің мәні және мақсаттары

      12. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталық қызметінің мәні болып табылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес беріледі.

      13. Орталық мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, басқа адамның күтіміне мұқтаж қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған.

      14. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) Тұрғылықты жері бойынша үйде және күндізгі болу бөлімшелерінде күндізгі уақытта азаматтардың (бұдан әрі - қызмет алушылар) мынадай санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлемін көрсету:

      - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға;

      - тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;

      - 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға;

      - бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      - егде жасына байланысты өз бетінше қозғала алмайтын адамдарға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерінде қажеттілікті бағалау және айқындау;

      15. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар қызмет көрсетуге мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша қабылданады.

      16. Осы Жарғыда бекітілген Орталық қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін мәмілелер жасауға, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      17. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен шектелген, не директордың жарғылық құзіретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле мемлекеттік басқару органының немесе прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      18. Орталықтың жарғылық емес қызметіне бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық жауапкершілігіне әкеп соғады.

4. Орталықты басқару

      19. Орталықтың жалпы басқаруын мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

      20. Мемлекеттік басқару органы;

      1) Қайта ұйымдастыру және тарату мемлекеттік коммуналдық мекемесі туралы шешім қабылдайды;

      2) Орталық және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      3) Орталықтың Жарғысын бекітеді, оған өзгерту енгізеді және толықтыру немесе, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

      4) Құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және Орталықтын басқару органдары құзыретінің мерзімін және Орталықтың шешім қабылдау тәртібін анықтайды;

      5) Орталықтың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

      6) Орталықты бақылауды және қаржыландыру жоспарларының орындалудың талдауын жүзеге асырады;

      7) Орталықтың жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

      8) Уәкілетті органға мемлекеттік мүлік бойынша алып қоюға немесе мүлікті қайта бөлу немесе алынған өзінің жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде келісім береді;

      9) Орталыққа берілген мүлкінің пайдалануын және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      10) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

      21. Директорды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      22. Директор мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталық міндеттеріне және өзінің функцияларына дербес жауапкершілік жүктелуін жүзеге асырады;

      23. Орталықтың директоры қаржылық-шаруашылық қызметіне және мекеменің мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

      24. Орталықтың директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын оның құзыретіне сәйкес қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

      25. Директор:

      1) Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүддесін барлық органдарда ұсынады;

      2) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

      3) Орталықтың іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлерінен тәртібі мен жоспарларын бекітеді.

      4) сенімхаттар береді;

      5) банктік шоттарды ашады;

      6) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген тәртіппен қызметкерлердің көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады.

      9) Орталықтың ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді;

      10) Орталық басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органдармен көзделген өзге де функциялары жүзеге асырады.

5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

      26. Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:

      1) оған меншік иесі берген мүліктен;

      2) Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден.

      27. Орталық өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге, оларға қаражат есебінен смета бойынша сатып алынған мүлікті бөлуге құқығы жоқ.

      28. Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, Орталықтың қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады.

      29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік береді.

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      30. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Өзгерістер және толықтырулар құрылтай құжаттарына енгізу тәртібі

      31. Орталық құрылтай құжаттарына Өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшының шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.

      32. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Орталықтың қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      33. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады