Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 54 қаулысы

      Лисаков қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      21) бөлімнің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың құрылуы мен қызметін үйлестіреді.";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және отбасын қолдауға арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етілуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдануын;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады