"Silk Road Mining Corporaition" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 191 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Silk Road Mining Corporaition" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 қарашадағы № 191 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады