"Silk Road Mining Corporaition" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 191 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 19.01.2024 № 6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Silk Road Mining Corporaition" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Амангелді ауданы Тасты ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 657,6957 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 2 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Т. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады