Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2023 жылғы 23 қарашадағы № 30 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы, B2G сегменті үшін ТОБЖ "Құрылыс" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту, техникалық қызмет көрсету және пайдалану" "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы үшін Диевка ауылы, Абай көшесі, Мира көшесі аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1525 га бөлінбейтін жер учаскесіне 48 жыл мерзімге мемлекеттік сервитут белгіленсін.
2. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Досмурзин |