"ERG Exploration" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 100 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2024 жылғы 22 мамырдағы № 2668-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында орналасқан, жалпы аланы 3036,6299 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2030 жылғы 22 мамырға дейінгі мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.

      3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Қатпаев Р.Ж.

  Денисов ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 15 шілдедегі
  № 100 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында орналасқан жер учаскесіне қауымдық сервитут

Жер учаскесінің орналасқан жері

Алаңы (гектар)

Денисов ауылдық округі

59,5097

Перелески ауылы (елді мекен шегінен тыс)

63,0996

Глебовка ауылы (елді мекен шегінен тыс)

933,2730

Тельман ауылдық округі

1980,7476

Барлығы:

3036,6299


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады