Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Красноармей ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы Денисов ауданы Фрунзе және Красноармейское ауылдарын сумен жабдықтаудың тарату желілері мен құрылыстарын салу" объектісіне сумен жабдықтаудың тарату желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін 48 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін. - 10,939 гектар.
2. "Красноармейск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап жұмыс бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді Қостанай облысы Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Красноармейск ауылдық округінің әкімі | А. Хлебников |