Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына 2)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес Денисов ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әуе тірек ғимаратының базасында көпфункционалды спорт кешеніне жеткізетін газ құбырын пайдалану және қызмет көрсету үшін, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Кавказская көшесінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0058 гектар жер учаскесінде 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушысы | А. Панакшина |