Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 11 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына, 140-бабына сәйкес Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Комаровское тау-кен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қолданылу 2025 жылғы 12 қараша мерзімге пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу, бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру үшін Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің аумағында орналасқан ауданы 172,0 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің әкімі А. Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады