Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 251-ГИН жер қойнауын геологиялық барлауға лицензия негізінде Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін және 2026 жылғы 29 желтоқсанына дейінгі мерзімге Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1022,0 га, жер қойнауын зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Камысты ауданының әкімі | Е. Жаулыбаев |